Қуандық Бишімбаев соттағы соңғы сөзін 6 мамырда айтады

Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс мәресіне жетіп қалды.

Бұл туралы ҚР жоғағры соттан хабарлайды.

Бүгін сот жарыссөзінде айыптылар сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды. Одан әрі сот алқа билердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады). Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады, — делінген хабарламада.

2024 жылғы 6 мамырда, сағат 10.00-де айыптылар сот алдында соңғы сөзін айтады.