Су тасқынынан қанша мектеп зардап шекті?

Оқу-ағарту министрлігі елімізде су тасқыны салдарынан қанша мектеп пен балабақшаның зардап шеккенін жариялады.

Ведомство мәліметінше, республика бойынша су тасқыны салдарынан 26 орта және орта-техникалық білім беру ұйымы зардап шекті.

Бүгінде оның 11-і штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Зардап шеккен 26 ұйымның қатарында бір балабақша, бір колледж жатақханасы бар.

Ал қалғандары – мектеп.