Қазақстанда күнбағыс майы арзандады

Қазақстанда күнбағыс майы арзандады. Бұл туралы Energyprom хабарлады. 

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде 194,4 мың тонна өсімдік майы өндірілген, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,4%-ке артық.

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі дәстүрлі түрде Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Екінші және үшінші орындарда Абай мен Ақмола облыстары тұр. Тазартылмаған өсімдік майын өндіру 15,9%-ке, 156,8 мың тоннаға, тазартылған – 4%-ке, 37,6 мың тоннаға дейін өскен.

Биылғы наурыздың қорытындысы бойынша, ҚР-да өсімдік майының бөлшек сауда бағасы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5%-ке төмендеді. Бұл жағдайда күнбағыс майы 24,6%-ке төмендеді, ал зәйтүн майы, керісінше, 18,7%-ке қымбаттады. Өңірлік бөліністе өсімдік майы Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында болмашы арзандағаны тіркелді. Қызылорда облысында айтарлықтай арзандаған, — делінген хабарламада. 

Тазартылмаған май шығарудың негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында шоғырланған. Тазартылған май өндірісі бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Шымкент және Алматы көш бастап тұр.