Алматыда 1 мамыр күні 60 фонтан іске қосылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қалада 66 коммуналдық субұрқақ бар. Оның алтауы жаңартылып жатыр.
«Одуванчик», «Аққу», «Қызғалдақ» субұрқақтары мен орталық мемлекеттік мұражайы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Әуезов атындағы қазақ ұлттық академиялық драма театры алдындағы фонтандарға жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, — деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
«Алматы – ортақ үйіміз» акциясы аясында субұрқақтардың тостағандарын, түбін, қабырғаларын тазарту және гранитті плиталарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Мамандар субұрқақтардың сәндік элементтерін сырлап, электр жабдықтары мен сорғыларын, электр желілерін, суық сумен жабдықтау және кәріз жүйесін тексерді. Коммуналдық қызмет көрсетушілермен сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелері қайта іске қосылды. Дайындық жұмыстары барысында апатты аймақтар да анықталды, қазір су және электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды, — делінген хабарламада.
Әрбір фонтанда қауіпсіздікті сақтау мақсатында шомылуға болмайтыны туралы тақтайшалар орнатылған.