Биыл 5 918 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істегені үшін арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, қабылдауға барлығы 6 648 адам өтініш білдірген.
Арнаулы әлеуметтік төлемге екі көзден (республикалық бюджет және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 612 адам жүгінді, оның ішінде 2 517 адамға тағайындалды.
Арнаулы әлеуметтік төлемді төрт көзден (республикалық бюджет, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 4 036 адам өтініш білдірген, оның ішінде 3 401 адамға тағайындалған.
Сонымен қатар 447 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтіп отыр, 90 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 193 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.
Аймақтар бойынша екі көзден арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (екі көзден – 462 адам, төрт көзден – 798 адам), Қостанай (екі көзден – 304 адам, төрт көзден – 659 адам) және Шығыс Қазақстан (екі көзден – 235 адам, төрт көзден – 574 адам) облыстарында тіркелген.