Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар арзандап, теңге нығайды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 444-448 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,7-446,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 444-448 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 24 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 444,32 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,76 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,69-4,79 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,68-4,78 теңгеден сатылып жатыр.