Каспий теңізіне жақын аумақта жер сілкінісі сезілді. Сейсмикалық станциялар желісі бүгін түнгі 00.09–да жерасты дүмпулері болғанын мәлімдеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа бағытқа қарай 1913 шақырым жерде орын алды. Дүмпудің энергетикалық деңгейі — 9,6, MPV магнитудасы — 4,4 болды, — делінген хабарламада.
Аталған жағдайдың еліміздің аумағында сезілгені туралы мәлімет әзірге айтылған жоқ.