Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 20 сәуірде Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қалай болатыны туралы өз болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, 20 сәуірде ауаның ластануына байланысты Ақтөбе, Астана, Алматы, Павлодар қалаларында  қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туындауы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.