Тасқынға байланысты 11 жолда көлік қозғалысы шектелді

«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты таратты.

15 сәуір сағат 09.00–дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың еруіне байланысты үш облыста жалпы ұзындығы 5 280 метр тоғыз учаскеде еріген судың жол жиегінен шығып кету оқиғалары тіркелген. (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы).

Еліміздің бес облысында (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы) ұзындығы 421 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 11 жолда көлік қозғалысы шектелді, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 523 адам жұмыс істеп жатыр.