Іле Алатауында жоғалған туристер құтқарылды

25 наурыз күні таңертең екі жас жігіт пен бір қыз «Өткел-Жусалы» шатқалы — Үлкен Алматы көлі бағыты бойынша тауға шыққан.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, сол күні сағат 14.30-да туристердің бірі Ақтау қаласында тұратын ағасына қоңырау шалып, «Алма-Арасан» бұлағына жетпегенін, бағытын басқа жаққа өзгертіп, байланыс болмағанын айтты. 26 наурызда сағат 00.10-да РЖҚЖ көмекке шақырылды. Түні бойы туристерді іздеу жұмыстары жүргізілді.

Сағат 9.40-та РЖҚЖ құтқарушылары «Өткел» шатқалынан зардап шеккендерді тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Тауға шыққанда жақындарыңызға немесе туыстарыңызға әрқашан маршрутыңыз бен қайтатын уақытыңызды хабарлап отырыңыз, — деді құтқарушылар.