Басты бетЖаңалықтарМектеп оқулықтары...

Мектеп оқулықтары 100% цифрлық форматқа көшірілді

Мектеп оқулықтары 100% цифрлық форматқа көшірілді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. 

Ведомство мәліметінше, оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспаның 11 платформасында әзірленіп жатыр.

Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып өткізеді, сонымен қатар онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімдерін жетілдіреді, — деді білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1 345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1 072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталды.