ТЖД: Алматыда жаңбырдан кейін су тасқыны болуы мүмкін

Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін екені хабарланды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, 12 сәуірде қатты жауын жауып, таулы аймақтарда су деңгейінің көтерілуі ықтималдылығы жоғары.

Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы ықтимал, — делінген хабарламада.

Осыған байланысты төтеншеліктер тұрғындарды арықтарды қоқыстан тазартуға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі сақталатыны туралы жазған едік.