Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша мемлекетке тағы 50 миллиард теңге қайтару жоспарланып отыр.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
11 сәуірде Қ. Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде сот (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы) прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі рәсімдерді орындау қажеттігіне байланысты процестік келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдады, — делінген хабарламада.
Атап айтқанда, сотталушының жалпы сомасы 50 миллиард теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін мемлекет пайдасына қайтару туралы мәселе қаралып жатыр.
Еске салайық, 2023 жылғы желтоқсанда Қайрат Сатыбалдыұлы 55 миллиард теңгеден аса ақшаны мемлекетке қайтарған болатын.
Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті қайтарып жатқанын хабарлаған еді.