Алматыда 200 жас домбырашы күй тартты

Наурызнаманың онкүндігі аясында Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні тойланды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Еліміздің түрлі мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтарына арналған бұл күні театр фойесі бірден 200 жас домбырашының орындауындағы қазақ күйлерінің ғажап әуендеріне толды. Олардың кенжесі небәрі 6 жаста. Олардың барлығы — Әуезов ауданының «Даму Бала» шығармашылық үйірмелерінің тәрбиеленушілері.

Жас домбырашылар Құрманғазының «Адай» және «Балбырауын», Ә. Желдібаеваның «Ерке сылқым», Н. Тілендиевтің «Әлқисса» және тағы басқа күйлерді орындады.