Еліміздің орталығы мен солтүстігінде қатты жауын жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты.
Республиканың орталығында түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады. Қатты жаңбыр орталықта, күндіз елдің солтүстігінде болады деп болжанып жатыр. 8 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліністерінің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман болады, — деді Алина Ысмағұлова.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ақтөбе мен Ақмола облыстарында дауыл ескерту жарияланғанын.
Ақтөбе облысы бойынша 7-10 сәуір күндері аралығында күннің жылынуына және жауын-шашынның түсуіне байланысты өзен суларының көтеріліп, жайылатындығы болжанады. Ақмола облысының Зеренді, Астрахан, Сандықтау, Атбасар, Бұланды, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Бұрабай, Шортанды және Целиноград аудандарында жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты 7-10 сәуір аралығында Жабай, Қалқутан (Колутон) өзендерінде, олардың бүйірлік және жоғары ағысынан еріген қар ағынының қарқынды қалыптасуы және мұз құбылысының бұзылуы күтіледі, — деді Алина Ысмағұлова.