Криштиану Роналду әлемдегі ең табысты футболшы атанды

France Football журналы жасаған рейтингте футболшылардың жалақысы, сыйақысы мен жарнамадан түсетін табыстары есептелген. Нәтижесінде Роналдудың биылғы маусымдағы табысы 87,5 млн еуроны құраған. Екінші орында «Барселоналық» Лионель Месси. Оның табысы 7,5 млн еуро. Ал, Неймар 55,5 млн еуромен үшінші орынға тұрақтаған.

Журнал жаттықтырушылардың да рейтингісін шығаруды ұмытпаған. Тізім басында «Манчестер Юнайтедтің» жаттықтырушысы Жозе Моуринью тұр. Оның табысы 28 млн еуро екен. Екінші болып 23,5 млн еуро тапқан қытайлық команданың бас бапкері Марчелло Липпи тұрса, үштікті ПСЖ-ның Лоран Бланы аяқтаған. Табысы — 20 млн еуро.

Айта кетейік, Роналду 2009 жылы «Манчестер Юнайтед» клубынан «Реалға» ауысқан еді.

ДереккөзTass.ru