Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Батыс Қазақстанда екі ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Фото: БҚО ТЖД
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупіне байланысты екі ауылдың тұрғындары көшірілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бөрлі ауданының Қарашығанақ, Димитров кенттерінде тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізілді, — делінген хабарламада.

Бұл іске облыстық ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Ведомствоның мәліметінше, Жерсуат елді мекеніне, мектеп жанындағы интернатқа 25 адам көшірілді, оның ішінде бір бала бар.