«ҚазАвтоЖолдың» экс-басқарма төрағасы ұсталды

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Астана бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлын ұстады, — делінген хабарламада.

Сот күдіктіге қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

ҚР ҚПК 201-бабы бойынша өзге мәлімет жарияланбайды.

Асқар Мұратұлы «ҚазАвтоЖолды» 2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы 1 ақпанға дейін басқарды.