Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі сағат 08.56-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 108 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,1. MPV магнитудасы — 4.4. Жер сілкінісінің координаттары – 43,13° с.е. 78,23° ш.б. Тереңдігі — 15 км. Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Еске салайық, кеше Жамбыл облысы Меркі ауылының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді.