Биыл елімізде 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактілері анықталды

Биыл елімізде 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактілері анықталды. Алаяқтар әрекеттерінің салдарынан азаматтарға 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді.

Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты.

Биыл 1 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдалану қажет. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісу маңызды. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізу керек. Егер сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің таныстарыңыз немесе туыстарыңыздан тауарды алуды, тексеруді сұраңыздар, — деді спикер.

Алаяқтар азаматтарға 44 миллион рет қоңырау шалған. Кейінгі уақытта банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу жиілеп кетті. Байланыс операторлары 44 миллионнан астам осындай қоңырауды тоқтаты.

Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін алаяқтар азаматтарды ақшаны шоттан немесе депозиттен қауіпсіз шотқа аударуға көндіреді, ол кейіннен ұрланған ақшаны одан әрі аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады, — деді ведомство өкілі.