Алматыда бір бағытты жаңа көше пайда болады

Алматыда қала тұрғындары мен көлік жүргізушілері Есқараев көшесінде үйлердің тығыздығы мен көліктердің жүру қиындығына шағымданған.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түскен шағымдардың негізінде Есқараев көшесі бойында көліктер батыс бағытта жүретін болды.

Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, Есқараев көшесінің Гагарин даңғылы мен Розыбакиев көшесі арасындағы учаскеде ғимараттардың тығыздығына байланысты тұрғын үй кешендерінің тұрғындары мен көлік жүргізушілерінің өтініштері негізінде Есқараев көшесінің Гагарин даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейінгі учаскеде тәжірибелік мақсатта батыс бағытта біржақты қозғалысты ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта жол қозғалысын ұйымдастыру схемасы Алматы қалалық мобильділік басқармасы және Әкімшілік полиция басқармасымен келісілді. Биылғы жылдың 10 сәуірінен бастап біржақты қозғалысты енгізу жоспарлануда. Жол белгілері жоғарыда аталған тұрғын үй кешендерін салушының жеке қаражаты есебінен орнатылады, — делінген хабарламада.