Астанада қар тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшысы шықты

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істейді. 26 наурыз күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына 1,1 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, 26 наурызға қараған түні коммуналдық қызметтер елордадан 613 рейс арқылы 8 мың текше метрден астам қар шығарған.

26 наурыз күні таңертең қар тазалауға 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,1 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, қалада қар мен мұзды жинау тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 498 мың рейс арқылы шамамен 6,7 миллион текше метр қар шығарылды.