Бұл қаражаттың 50 пайызға жуығын алматылық ойынқұмарлар шығарған. Оны Қапшағайдағы ойын мекемелері мен облыстағы букмекерлік орындардың бір жылдан тапқан табысынан аңғаруғ болады. Ол 10,8 млрд теңгені құрайды. Ал, Алматы қаласындағы букмекерлік кеңселер 6 млрд теңге олжалаған.
Бұдан кейін Ақмола облысы тұр. Ондағы казинолар мен тотализаторлардың бір жылдық кірісі 1,8 млрд теңге болды.
Одан кейінгі орындарда Жамбыл облысы (446,1 млн тенге), Атырау облысы (202 млн теңге), Павлодар облысы (160,6 млн теңге), Шығыс Қазақстан облысы (113,6 млн теңге), Батыс Қазақстан облысы (106,1 млн теңге), Оңтүстік Қазақстан облысы (78 млн теңге), Қостанай облысы (47 млн теңге) және Ақтөбе облысы (39,4 млн теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (29,7 млн теңге), Қарағанды облысы (23,2 млн теңге), Қызылорда облысы (15 млн теңге) және Маңғыстау облысы (642 мың теңге) бар.
Айта кетейік, 2015 жылы жылы бұл көрсеткіш 23,8 млрд теңге болған еді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, ойын бизнесі ел қазынасына 10,5 млрд теңге кіріс кіргізген.