Мәскеудегі Басман соты «Крокус сити холда» болған лаңкестік ісі бойынша айыпталушыларды тұтқындауға рұқсат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төрт күдіктінің барлығы бір ай және 28 тәулік мерзімге, яғни 2024 жылдың 22 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Сотталушылар: Далерджон Мирзоев, Саидакрами Рачабализод, Шамсидин Фаридуни және Мұхаммедсобир Файзов.
Оларға РФ 0ылмыстық кодексінің 205-бабының 3-бөлігінің «б» тармағы – «Террористік акт» бойынша ресми айып тағылды. Бұл баптың ең жоғары санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.
22 наурызда «Крокус сити холдың» концерт залына камуфляж киген бірнеше адам баса-көктеп кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Атыс-шабыс «Пикник» рок-тобының концертінің бастаулына бірнеше минут қалғанда болған.
Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, Мәскеудегі «Крокус сити холдағы» лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқандар саны 137-ге жетті, олардың үшеуі — бала.