Қырғызстанда тағы жер сілкінді

Қырғызстан аумағында 20 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша cағат 06.03-те жер сілкінісі тіркелді.

Қырғыз Республикасы ҰҒА сейсмология институтының алдын ала мәліметінше, жер сілкінісі 12 балдық MSK-64 шкаласы бойынша 3,5 балды, магнитудасы Mpv=3,8, энергетикалық класы К=9,1 құраған.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Нұра ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 137 шақырым жерде жатыр.

Жер сілкінісінің күші Нұра, Икизяк елді мекендерінде 3 балл, Иркештам, Кек-Суу ауылдарында 2,5 балл болды.

Бұған дейін 19 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 21.05-те Бішкек тұрғындары күші 2,5 балл жерасты дүмпуін сезінгені туралы хабарланған болатын.