Фото: Nestle
Алматыдағы №120 гимназияның бастауыш класс оқушылары дұрыс тамақтану мәдениеті туралы көрме сабағына қатысты. Сабақ «Дұрыс тамақтану мектебі» бағдарламасының «Азық-түлік зертханасы» деп аталатын ағартушылық жоба аясында ұйымдастырылды. Экспериментке толы сабақты Алматы қаласы жоғары медициналық колледжінің студенттері өткізді.

«Азық-түлік зертханасы» жобасы аясында болашақ медицина мамандары мектеп оқушыларына дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін қаншалық маңызды екенін түсіндіріп берді. Бұл үшін олар түрлі эксперимент жасап, балаларға қызық ойындар ойнатты.

Фото: Nestle

«Дұрыс тамақтану мектебі» Астана мен Алматы мектептерінде 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал 2023 жылдан бастап Қазақстанның басқа қалалары да қамтыла бастады. Бағдарламаға сәйкес, класс сағаты уақытында және сабақтан тыс уақыттарда балаларға дұрыс тамақтану қағидарлары үйретіледі. 

Бағдарламаны Алматы қаласы білім басқармасының білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп әзірлеген. Бағдарлама қазірдің өзінде Қазақстандағы 200 мыңға жуық баланы қамтыды.  

Дұрыс тамақтану денсаулықты сақтаудың маңызды шарттарының бірі екенін кез келген ересек адам жақсы біледі. Өкінішке қарай, балалар мұны аса түсіне бермейді. Біз осыны балаларға қызық етіп заманауи форматта түсіндіреміз деп шештік. Сол үшін «Азық-түлік зертханасы» бағдарламасын әзірледік. Нағыз мамандармен серіктесіп жұмыс істедік. Бағдарламаның арқасында балалар дұрыс тамақтанудың маңызын түсініп, дені сау болады. Бұған қоса сабақта түрлі эксперимент жасау керек болатындықтан, олар ғылымға да құштар болып өседі. Медициналық колледж студенттерінің көмегімен олар түрлі өнімнің қасиетін зерттей отырып, нақты эксперименттер жүргізеді, — дейді педагогика ғылымдарының кандидаты әрі Еуразиядағы Nestlé білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы Александра Макеева.

Фото: Nestle

Бүгінгі ашық сабақта медициналық колледж студенттері мектептің 4-класс оқушыларына дәріс ұйымдастырды. Сабақта балалар жеміс-жидектер мен көкөністердің құрамын талдап, пайдасы туралы толығырақ білді. Студенттер балалармен бірге сүттің құрамындағы ақуыз мөлшерін анықтауға арналған зерттеу жұмысын жасап көрді. Сонымен қатар лимонның адам денсаулығына пайдасын көрсету үшін кішігірім эксперимент жасады.

Фото: Nestle

Мектеп оқушылары сабақтың қызық өткенін, осындай дәріс мектепте жиі болып тұрғанын қалайтынынын айтты. «Дұрыс тамақтану» дәрістерін мектеп бағдарламасына қосуға ниетті оқу орындары сайтқа кіріп, әдістемелік материалдарды тегін жүктеп ала алады. Сайтта бір жылдық оқу бағдарламасына негізделген 34 дәріс бар.