Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Алматының Алатау ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде пластикалық құбырлар өртенді.

Желі қолданушылар оқиға орнынан түсірген видеоларды желіде бөлісті.

Алматы қалалық ТЖД 18 наурыз сағат 13.58–те өрт сөндірушілер Момышұлы мен Универсиада көшесінің қиылысына жіберілгенін хабарлады.

Оқиға орнына жеткен сәтте салынып жатқан бес қабатты тұрғын-үй кешенінің бірінші қабатында пластикалық құбырлардың өртенгені анықталды. Өрттің аумағы — 15 шаршы метр. Өрт сағат 14.08–де сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ, — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 13 адам, мен үш техника жұмылдырылды.