ШҚО-дағы тау-кен байыту кешенінен өрт шықты

17 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алтай ауданында тау-кен байыту кешенінен өрт шықты.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 наурызда Алтай қаласында тау-кен байыту кешенінің территориясында жеке орналасқан екіқабатты цехтың шатыры өртенді.

Оқиға орнында ШҚО ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен бес техникасы, сонымен қатар кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды, қызыл жалын жалмаған ауданның алдын-ала көлемі 260 шаршы метрді құрайды, — делінген хабарламада.

Видеоны көру

Айта кетсек, 17 наурызда Алматы облысында майлық шығаратын қойма өртенді.