Алматыда бір күнде 15 сантиметр қар жауды

Алматыда 14 наурыз күні сағат 15.30-дан 15 наурыз сағат 5.00-ке дейін қалыңдығы 15 сантиметр қар жауды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Түнгі уақытта 367 бірлік техника және 171 жұмысшы қар күреуге шықты. 148 құм таратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 1 193 тонна қолданылады. Сағат 20.30-дан 06.00-ге дейін жол патрульдік полиция көлігінің еріп жүруімен 16 баған қар күреді. Сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 520 м3, ал қыс бойы 367,8 мың м3 қар шығарылды, — делінген хабарламада.

Таңғы қарбалас уақыттан кейін қар шығару жұмыстары жалғасады. Синоптиктердің мәліметінше, күндіз ауа температурасы 0-… +2 градус аралығында, жауын-шашын түспейді.