Басты бет / Жаңалықтар /
саябақ, ауа райы, қар, орындық, демалыс орны
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Тұман, жел, бұрқасын: 15 наурызда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 15 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, соның әсерінен қар түріндегі жауын-шышын, Алматы, Жетісу облыстарының таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын болады.

Тек ҚР батысында, оңтүстік-батысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, батысында шаңды дауыл соғады, — делінген хабарламада.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?