Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды

Алматыда заңсыз салынып жатқан «Мечта» тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, нысанды сүруге соттың тергеу жұмыстары 2022 жылдан бері жалғасып келеді.

Обсерватория көшесі, 104/4 мекенжайда орналасқан «Мечта» тұрғын үй кешенін салу кезінде көптеген бұзушылыққа жол берілген, атап айтқанда тексеру кезінде екі нүктеге рұқсат беру құжаттары болмаған және бүкіл нысан бойынша жобадан ауытқулар анықталған. Тұрғын үй кешенінің өзі тұрғын үйді пайдалану және қызмет көрсету жөнінде нысаналы мақсаты бар жер учаскде орналасқан.

Осылайша, жеке тұрғын үй ретінде салынған кешен арқылы құрылыс салушы қала тұрғындарына жалған мәлімет бере отырып, пәтерлерді сатуды жоспарлаған.

Бұған дейін басқарма ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен заңсыз құрылысты бақылауды күшейту бойынша бірлескен жұмыс аясында нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын.

2022 жылғы 1 тамыздағы тексеру нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды және жіберілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді, алайда тапсырыс беруші өз кезегінде оны орындамады.

2022 жылғы 19 қазанда Медеу аудандық соты нанысанды бұзу туралы талап арыз жолданды, соңынан ұзақ мерзімге созылған сот талқылаулары жүргізілді.

2023 жылғы 20 шілдеде Алматы қалалық сотының шешімімен нысанды бұзуға талап қанағаттандырылды.

2024 жылғы 30 қаңтарда жоғарғы соттың қаулысымен Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 20 шілдедегі үйді бұзу туралы қаулысы өзгеріссіз қалды.