Басты бетАҚШ-та қазақты...

АҚШ-та қазақты таныту үшін жүрмін — Бейбіт Шүменов

WBA тұжырымында көш бастап тұрған қазақстандық кәсіпқой боксшымыз Бейбіт Шүменов 29 сәуір күні Лас-Вегаста кубалық Юниер Дортикоспен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Бейбіт 2015 жылдан бері Эл Хеймонмен келісім шартқа отырып, жұмыс істеп келеді. Бардық жекпе-жектерді сол ұйымдастырады.

«Мен жекпе-жектерге кеше дайын болғанмын, бүгін де дайынмын, ертең де дайын боламын. Әлемнің кез-келген мықтысымен шық десе, 3 минутта рингке көтерілемін. Аса ауыр салмақтағы Кличко, Джошуалармен де бүгін жекпе-жек өткіз десе ойланбастан, келісемін. Маған енді Лебедев қызық емес. Ол ұтылып қалған. Соңғы жекпе-жегінде ұтылған боксшыны ұтқанның несі мықтылық? Онымен шыққанша Гассиевпен шыққан қызық, «WBO» чемпионы Александр Усикпен қуана жұдырықтасамын»,- дейді боксшы.

Соңғы кезде боксшы туралы «АҚШ азаматтығын алыпты» деген сыбыс тараған еді. Алайда Бейбіт бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

«Мен АҚШ-қа демалу үшін келген жоқпын. Бұл жердің азаматтығы да керегі жоқ, маған. Көк паспортымды ауыстырмаймын. Мен мұнда тек әлемге мықтылығымды дәлелдеу үшін ғана жүрмін»,- дейді ол.

Айта кетейік, Бейбіт Шүменов Астанада ЭКСПО көрмесінің аясында өтетін бокс кешіне ұсыныс алғанын да айтты. Боксшыны елде көрертін күн де алыс емес.

ДереккөзVesti.kz