Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады

Құттықтау Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы, – делінген президент құттықтауында.

7 наурызда Қазақстан президенті халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, ғылым, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салалары бойынша әйелдерге марапат табыстады.