Қазақстанда қанша әйел тұрады?

Қазақстанда 10 260 057 әйел тұрады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Әйелдердің 63,6%-ы қалада, қалған 36,3%-ы ауылда тұрады. Басым көпшілігі Алматы қаласында – 1 196 450.

18 жасқа дейінгі қыздардың саны — 3,3 млн, 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны – 5,3 млн, 60 және одан жоғары жастағы апа-әжелердің саны – 1,6 млн.