Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы мақұлданды

Бүгін мәжіліс отырысында әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасы қабылданды. Бұл туралы заң жобасын әзірлеген жұмыс тобының мүшесі Динара Зәкиева толығырақ түсіндіріп жазды.

Бала құқытары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл заң жобасы қылмыскер зорлық-зомбылық жасағаны үшін жазадан құтылып кете алмауына ықпал етеді дейді.

Заң жобасында қылмыстың алдын алу үшін аудадандардан отбасы мен балаларға арналған психологиялық көмек орталықтарын ашу қарастырылған. Сонымен қатар қиын жағдайға ұшыраған отбасылар мен зорлық-зомбылыққа, буллиңге ұшыраған балаларға көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларды дайындау құзыретін бекіту де жаңа заң жобасына енген.

Заң жобасында зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілік ретінде бағалау, балаларға қатысты қылмыс жасағандардың жазасын ауырлату мәселесі де қарастырылған. Оның ішінде денсаулыққа әртүрлі зиян келтіргені үшін, кәмелет жасына жетпеген баланы ұрлаған қылмыскердің жазасын күшейту, сонымен қатар «Балаға жыныстық сипатта тиісу» туралы бапты қосу көзделген, — деп жазды Динара Зәкиева.

Бұған қоса заң жобасында балаларды қорғау бойынша тағы бірнеше тармақ аталған. Оның ішінде балаларға арналған қызмет түрлерін ұсынатын ұйымдарды лицензиялау талабын қосу, баланы мәжбүрлей отырып автобустан шығарып тастаған адамға жауапкершілік жүктеу пунктлері бар.

Еске салайық, Polisia.kz-тің 29 қаңтарда берген мәліметіне сәйкес, дағдарыс үйлерінде тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша 600 адамға көмек көрсетілген.