Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

©inform.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстандағы ауа сапасына болжамын жариялады.

7 наурызда Ақтөбе, Алматы, Жезқазған қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.