Қайрат Сатыбалдының мемлекетке жалпы көлемі қанша қаржы қайтарғаны белгілі болды.
2022 жылдан бері жалпы 1 триллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Оның ішінде 732,8 миллиард теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс аясында қайтарылды. Ол қамауда болған кезде қонақүй сатып алды деген мәселеге қатысты ақпаратты егжей-тегжейлі қарап, нақтылау керек, — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, 2023 жылғы желтоқсанда Қайрат Сатыбалдыұлы 55 миллиард теңгеден аса ақшаны мемлекетке қайтарған болатын.
Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті қайтарып жатқанын хабарлаған еді.