Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448–453 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 6 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 450,53 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,95 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448–453 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 449,1–451,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,83–4,95 аралығында сатып алуға болады.
