Қазақстанда коммуналдық қызметтер қымбаттады – ЕЭК есебі

Еуразиялық экономикалық комиссия өнеркәсіп өнімдері мен коммуналдық тарифтердің есебін жариялады.
Биыл қаңтарда былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіп өнім өндірушілерінің бағалар индексі — 117,7%.
2023 жылғы желтоқсанға қарағанда өнеркәсіп орындарындағы баға 1,3%-ке төмендеді. Соның ішінде кен өндіру мен карьер қазу саласында бағалар 5,1%-ке, ал өңдеу өнеркәсібінде 0,1%-ке түсті.
Ал электр энергиямен қамтамасыз ету, газ беру мен кондициялау қызметтері 0,5%-ке өсті.

Қазақстанда коммуналдық қызметтердің бағасы күрт өсті. Мәселен, энергиямен қамтамасыз ету, газ беру мен жылу 4%-ке көтерілсе, сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі мен қалдықтарды жинау қызметтері 1,6%-ке қымбаттады.