Полиция жүргізушілерге ескерту жасады

Елорда полициясы бағдаршамның сары түсіне өтуге тыйым салынғанын ескертті. Бұл туралы хабарлады Polisia.kz хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, жол апатына көбінесе бағдаршамның сары түсі жанған сәтте жүру себеп болады.

Қазақстан Республикасы жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салады, ал жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналы шығатынын ескертеді, — делінген хабарламада.

Полицияның айтуынша, мұндай ереже бұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейді.

Осыған байланысты жүргізушілерді жолда сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырамыз. Мәселен, кейінгі бір жылда үш мыңнан астам оқиға тіркелді. Жол апаттары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары), оның ішінде сары сигналға өткеннен болған, — дейді полицейлер.

6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған. Жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді.