БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар 7 жыл мерзімге педагогикалық қызмет атқару құқығынан да айырылды.
Аталған тұрғын өткен жылы 20 тамызға қараған түні мас күйінде өз үйінің бір бөлмесінде ұйықтап жатқан әйелінің досының 11 жасар қызына зорлық-зомбылық көрсетпесе де, азғындық іс-әрекеттерге барған. Бұл оқиғаны келесі күні қыз анасына айтып берген.
Анасының арызы қаралып, ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жеткілікті дәлелдемелер жиналғаннан кейін өткен жылғы қазан айында айыпталушы өз кінәсін мойындамаса да, қамауға алынған болатын.