Астанада бір түнде 30 мың текше метр қар шығарылды

Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.

25 ақпан күні таңертең қар күреу жұмысына 2,4 мыңға жуық жол жұмысшы, 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Коммуналдық қызмет мамандарының көмегімен 24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні 2300-ге жуық рейс арқылы 30,1 мың текше метрден астам қар шығарылды. Ал қыс мезгілінің басынан бері 383,4 мың рейс арқылы 5 млн 168 мың текше метр қар шығарылды, – делінген хабарламада.