Жеңімпаздардың 15 заңы

1. Өзіне-өзі әрі қожа, әрі құл

Өз-өзіңізге қатал бастық әрі тілалғыш қызметкер бола біліңіз. «Бүгін қандай жоспарларымды толық орындап жатырмын?», «қандай жетістікке жеттім?» деп күнделікті есеп беріңіз. Нақтылық үшін қойын дәптерге жазып отыруға ерінбеңіз.

2. Биік мақсаттар қояды

Өз мүмкіндіктеріңізді шектемеңіз, биік мақсаттарды белгілеуге жүрексінбеңіз! Тіпті қолдан келмес іс болса да, бар күшіңізді салыңыз. Бұл қарапайым мақсаттарды бағындырғаннан гөрі әлдеқайда қызықты, әлдеқайда өзіңізге пайдалы. Мұхтар Шахановтың «Үлкен адам болу үшін ғаламда, Үлкен арман керек адамға» деген сөзін жадыңыздан шығармаңыз.

3. Адамдарға ең қажеттіні сыйлай біледі

Сізбен кездескеннен кейін адамдардың көңіл күйі көтеріліп, жақсы сезімде қалатындай жағдай жасаңыз. Жиі жылы сөздер айтып, олардың маңызды тұлға екенін сезіндіре біліңіз.

4. Болмашыға алаңдамайды

Әрдайым күтпеген жағдайларға қосымша уақыт бөліп қойыңыз. Сондай-ақ жоспарыңыздың шеңберінен шығып, өзге дүниелерге көңіліңізді алаңдатпаңыз. Бұл кеңес сіздің мақсатыңызға тікелей жетуге үлкен көмекші болмақ.

5. Жетістіктеріне іштей қуана біледі

Мотивацияңыздың сарқылмауын қаласаңыз, мына «үштік» ережені еске бек сақтаңыз: алдыға қойған мақсаттарыңызға адал болыңыз, әр мақсатыңызды жетістікпен аяқтаңыз, әр жетістікке қуана біліңіз (мейлі ол елеусіз болса да). Өз-өзіңізге үлгі бола біліңіз. Алайда жетістікке қуану — өзгелерге мақтану емес.

6. Маңызды істерді бірінші орынға қояды

Жолға шығарда чемоданыңызды қалай жинастырасыз? Әуелі ірі заттарды саласыз, ал ұсақ-түйек екінші орынға қалады. Әр күні дәл осы қағидамен әрекет етіңіз. Маңызды істерді «ертеңгі» күнге қалдыра бермеңіз. Түнде ұйқыға жатар алдында міндетті түрде жоспар жазыңыз. Сондай-ақ, маңызды істерді бірінші орындауға жағдай жасаңыз. Дәл осы кеңесті бір күн қолдансаңыз, күніңіздің қалай жеңілдегенін бірден байқайсыз.

7. Таңдауы өз еркінде

Әр күн өміріңізді жақсы жағынан өзгертуге, мүмкіндіктерге толы. Тек таңдау өз еркіңізде. Сіз мүмкіндіктерді пайдаланасыз ба? Дәл қазіргі өміріңіздің көрінісі — сіздің өткен шақта жасаған таңдауларыңыз. Демек, өміріңізді жақсылыққа бағыттау тек өз қолыңызда! Жігерлі болыңыз!

8. Қорқынышын басқара біледі

«Жолым болмай қалады», «елге күлкі боламын», «жеңілемін». Сіздің қорыққан дүниеңіз шынымен орындалуы мүмкін. Орындалмауы да мүмкін. Егер де сіздің бойыңызды қорқыныш билесе, басқа нәрсемен көңіліңізді аулаңыз. Бастысы, миға келген қорқыныш сигналы мақсатыңызға кедергі келтірмесін. Ал ұсақ қорқыныш сіздің өсіп, дамып келе жатқандығыңызды көрсетеді.

9. Бойындағы дарынын қолдана біледі

Әр адамның бойында ерекше дарын, қабілет бар. Оны сіз де қолдана біліңіз. Бұл сіздің ең басты «фишкаңыз» болсын.

10. Сатылмайды

Табысты болғыңыз келе ме? Онда өзгелерге қошемет (комплимент) айтудан тыйылмаңыз, өзгелерге де бақыт, сәттілік тілеңіз. Сөзбен емес, іспен! Кешіре біліңіз.

11. Ақшасын басқара біледі

Қаржы сауатыңыз төмен болса, баюдың да жолы ұзақ болмақ. Ақшаны басқара білуіңіз керек. Ол үшін бастапқыда табысыңыздың 10%-ын бөлек жинап отыруды меңгеруіңіз қажет болады.

12. Әр істің негізін шыдамдылықпен әрі мұқияттылықпен қалайды

Өміріңізді жаңа, өзіңіз дұрыс деп тапқан арнаға бұрар сәтте кедергілердің кездесуі әбден мүмкін. Нәтижесінде бұрынғы қалпыңызға түсуіңізге де оңай болмақ. Берілмеңіз! Шыдамды әрі мұқият болыңыз. Өзгелер сіздің осы қасиетіңізге тамсансын.

13. Өзіне керек ортаны қалыптастырады

Сіз (және тек қана сіз) кіммен араласуыңыз керек екендігін шешесіз. Еске сақтаңыз, дамып, жетілуіңізді тек өзіңіз ғана тоқтата аласыз. Сол себепті айналаңызды жақсы адамдармен толтырыңыз, үлгі аларлық жандармен дос болыңыз.

14. Қанағат танытпау керек тұстарды біледі

Қолыңызда барды бағалаңыз, сондай-ақ жеткен биігіңізбен масаттанып бір орында тоқтап қалмаңыз. Мұндай «қанағатсыздық» сізді шыңға жетелейді.

15. Үйрек емес, бүркіт сипатты

Үйректер әр мүмкіндіктен қиындық көреді, бүркіттер әр қиындықтан, мүмкіндік байқайды. Үйректер қажетті дүниені ғана істейді, бүркіттер шекарадан шыға біледі. Үйректер өздерін қашан тамақтандырғанша күтеді, бүркіт өзін-өзі қамтамасыз етеді. Үйрек барын сүюге мәжбүр болады, ал бүркіттер қалағанын қолға түсіреді.