Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-ға жұмыс сапарымен барды

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және әлеуметтік нысанды аралап көреді, — делінген хабарламада.