Алматыда күндіз көше шамдары неге жанып тұрады?

«Алматы қала жарық» кәсіпорны күндіз көше шамдары неге жанып тұратынын түсіндірді.

Сыртқы жарықтандыру құралдарын тексеру үшін және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанда жарық желілері қосылады, — деп түсіндірді «Алматы қала жарық» МКК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар мамандар мегаполис тұрғындарының үйінде, ауласында немесе маңайында электр қуаты өшіп қалса, қайда бару керектігін жеткізді.

Аула, көше мен саябақтарда сыртқы жарық сөніп қалса, оған «Алматы қала жарық» МКК жауап береді. Егер үйлерге келер болсақ, онда бұл «Алатау жарық компаниясы» АҚ-ның жауапкершілік аймағы, — делінген хабарламада.

Күтпеген жағдайлар, яғни тіректерде және аула ішіндегі шамдар өшкен болса, онда «Алматы қала жарық» МКК диспетчерлік пунктіне көрсетілген мына нөмірлерге жүгінуге болады: 8 (727) 390 20 40; 8 (727) 390 20 60, 8 (771) 718 24 39 ; 8(771) 718 24 56.