Қытайда тағы жер сілкінісі болды

Қытайда тағы да жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 26 ақпанда Астана уақыты бойынша 07.28-де тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым жерде Қытай аумағында болды, афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11,3. MPV магнитудасы — 5,2, — делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәлімет жоқ.