Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды

26 ақпанда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Өскемен, Риддер, Жезқазған, Балқаш қалаларында, сонымен қатар күндіз Қарағанды, Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да