Шетелдіктерге ЖСН берудің жаңа ережесі енгізілді

Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

24 ақпаннан бастап жеке сәйкестендіру нөмірін тек жеке өтініш арқылы ғана алуға болады.

Бұған дейін ЖСН үш тәсілмен берілген: сенім білдірілген адамдар арқылы; Қазақстан Республикасының елшілігінде; Қазақстанның тіркеуші органына өзі бару арқылы. Енді алғашқы екі элемент қолжетімді емес.