Полиция: Алматыда 357 бағдаршам орнатылады

Алматыда жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне 357 бағдаршам қосылады. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

Алматының әкімшілік полициясының мәліметінше, қазіргі уақытта 93 бағдаршам нысанын жүйеге қосу арқылы жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін жаңғырту, қайта құру және дамыту бойынша жұмыстар аяқталды.

Екінші кезең аясында жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне 357 бағдаршам нысанын қосу жоспарланып отыр. Бұл жүйе қиылыстардағы жүктемені нақты уақыт режимінде оқуға және көлік ағындарын өзгертуге мүмкіндік береді. Биыл сонымен қатар қосымша 30 шақырым велосипед жолдарын жасау жоспарланған, — делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, 2023 жылы 6 060 жол белгісі орнатылып, ауыстырылған. 120 көшеге 305 800 м2 жолды белгілеу сызықтары төселген. 34 қиылыс аймағында қозғалыс бағытының траекториясын көрсететін 1,7 жол таңбалау сызықтары сызылған, 65 көше қиылысында велосипед бағдаршамы орнатылған.