Таиланд жағажайларында улы медуза табылды

ThaiPBS порталының хабарлауынша, қауіпсіздік мақсатында Сиринат ұлттық паркінің әкімшілігі Пхукет аралында орналасқан Най-Янг, Най-Тонг және Лаян жағажайларын жапқан.

«Португалдық кемелер» деп аталатын физалиялар медузаға ұқсайды, алайда өте қауіпті. Ол шаққан адам денесі айтарлықтай күйіп қалуы мүмкін.

ДереккөзҚазАқпарат